«ТрансКом» көлік тобында шамамен 900 қызметкер жұмыс істейді. Бұл - теміржолдағы операциялау, халықаралық экспедиторлау, көліктік логистика, сондай-ақ, жылжымалы құрамды жөндеу саласында үлкен тәжірибесі бар, сонымен қатар, Халықаралық экспедиторлар Ассоциациясының - FIATA дипломдары бар жоғары білікті мамандар.

Біз, компанияның басты құндылығы – адамдар қағидатын ұстанамыз және әрбір қызметкермен дара тіл табуды қамтамасыз етуге, даму және әлеуетті барынша іске асыру үшін тиімді орта қалыптастыру, қызметкерлерге дағдылары мен қабілеттерін тәжірибеде қолдануға септесуге, нақты бизнес-жағдайындағы инновациялық шешімдерді қолдануға ұмтыламыз.

Көлік тобының барлық кәсіпорындарында белгіленген көрсеткіштерге жету және қызметтің нәтижелерін бағалау құралы болып табылатын, персоналмен жұмыс тиімділігін басқару жүйесі енгізілді. Оны іске асыру үшін әрбір қызметкердің компания жұмысына жеке үлесін объективті түрде анықтау негізінде персоналды дамыту және бағалау (KPI) кешенді жүйесі сәтті қолданылуда. Аталған жүйе сондай-ақ, кәсібилік шеберлік деңгейінің өсуі мен кәсіби және жеке құзыреттіліктің үнемі дамуына бағытталған.

 

Компаниядағы мансап

Біздің үміткерлерді іріктеу жүйесінің басты мақсаты — қойылған бизнес-міндеттерге жету үшін Көлік тобы кәсіпорнын, қажетті дағдылар мен құзыреттері бар білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

 

Персоналды іріктеуде негізге алынатын қағидаттар:

  • Өз мамандарына басымдық. Компания үміткерлерді іріктеуде объективтілік пен бейтараптық қағидатын сақтай отырып, өзінің қызметкерлеріне бос қызмет орнына қабылдануға басым құқығын ұсынады.
  • Лауазымдық талаптарына, сондай-ақ, корпоративтік мәдениеті мен компания дәстүріне үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерінің сәйкестігі.
  • Үміткерлерді тең құқықтар және мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Барлық үміткерлер бос қызмет орнына қандай да бір белгі бойынша ешқандай кемсітусіз тең жағдайда іріктеу конкурсынан өтеді.
  • Компанияға жаңадан келген қызметкерлердің неғұрлым қысқа мерзім ішінде бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау. Лауазымға ендіру — жаңа қызметкерлерге желілік басшылар, персоналды басқару мамандары және талаптар, жұмыс стандарттары және комапанияның корпоративтік мәдениетінің ерекшеліктерімен таныстыру үшін тәлімгерлердің тарапынан қолдау көрсету.
  • Кешендік талдау негізінде қызметкерлерді тарту тиімділігінің тұрақты бағасы: жұмысқа бекітілген үміткерлердің қойылған талаптарға сәйкес келуі, ішкі және сыртқы жұмысқа қабылдаудың нәтижелері, персоналдың тұрақтамау себептері, сондай-ақ, олардың жұмысқа қабылданар кездегі таңдау /іріктеу рәсімдерінің сапасы мен болжамының қанағаттанарлық дәрежесі туралы қызметкерлерден сауалнама өткізу.

 

Әлеуметтік пакет

Әлеуметтік саласында бірінші кезектегі қадамдарды біз медициналық қызметке бірыңғай тәсілдер тұжырымын, жеңілдіктер мен өтемақыларды белгіледік. Компания қазіргі кезеңде біздің кәсіпорындардың еңбек қатынастары мен әлеуметтік саланың тиімді мониторингін жолға қоюды өзінің ең басты міндеттерінің бірі деп санайды.

 

Персоналды оқыту және дамыту

Компанияның персоналын оқыту мен дамыту саласындағы негізгі мақсаты, даму болашағы мен заман талаптарын ескеріп, мамандар мен басшыларға қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау болып табылады.

 

Бос жұмыс орындар

«ТрансКом» Көлік тобының барлық бос жұмыс орындары және Еуразиялық Топтың (ERG) бос жұмыс орындары туралы Сіз https://job.erg.kz/ сілтемесі арқылы біле аласыз