«Транссистем» «ХЭК» ЖШС-ның құрылу сәтінен бастап, 1990 жылы Көлік тобының жұмысы бастау алды. Бұл халықаралық көлік-экспедиторлық компания болды. Біртіндеп теміржол станцияларымен қарым-қатынас құрыла бастады. 1997 жылы Қазақстан аумағында экспорттық-импорттық тариф пен транзитті төлеу жұмысының басталуына септігін тигізген, «Транссистем»-нің Қазақ темір жолында өзінің экспедиторлық кодын алуы, ауқымды жұмыс нәтижесі болды. Ары қарай клиенттермен келісімшарттар жасалып және компания біртіндеп ТМД-ның экспедиторлық нарығына ене бастады. Осыдан соң операторлық бизнесті дамытуға қажеттілік туындаған соң, «ТрансКом» ЖШС меншікті жылжымалы құрамымен вагондардың операторы құрылды. Ал 2015 жылы компаниялар, бүгінге дейін вагондар мен локомотивтер тиянақты жөнделетін, жүктер табысты тасымалданатын және жөнелтілетін «ТрансКом» Көлік тобының жеке бренді туы астына бірікті.


1991

«ХЭК Транссистем» ЖШС-ның ғылыми-енгізу кәсіпорнының құрылуы, IT, бизнес-жоспарлау, жекешелендіру саласында консалтингілік қызметтер көрсету

1993

Көлік-экспедиторлық қызметтің басталуы, Қазақстанға а/ш техникаларын жеткізу қамындағы ірі жобаны іске асыру, «Қазақтелеком», «Узхимпром», Coca-Cola компанияларына көлік-экспедиторлық қызмет көрсету

«Экспедитор» IT-жүйесін енгізу

«ТрансҚазақстан», «ТрансРесей» көрмелеріне, FIATA конгрессіне қатысу басталды

1998

ERG кәсіпорнына көлік-экспедиторлық қызмет көрсету

Достық ст. №6 терминалын иелену және жаңғырту

2000

«ТрансКом» еншілес компаниясының құрылуы

Жылжымалы теміржол құрамының меншікті паркінің қалыптасуы

2001-2002

Бірінші ашық вагондарды сатып алу

2002

Меншікті жылжымалы құрамда жүк тасымалдау

2003

«РемВагон» ААҚ филиалының темір кені вагонжөндеу депосы өндірістік кешенінің базасында
«ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС-ның құрылуы

2004

Екібастұз локомотив жөндеу депосының базасында «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС-ның құрылуы

2006

Контейнерлер мен платформалар меншікті паркінің қалыптасуы, ферроқорытпалар мен алюминийді тасымалдауды контейнерлеу

2007

ENRC Logistics Көлік тобының құрылуы

2008

Рига, Ляньюнгань, Новороссийск порттарымен бірлескен жұмыстың басталуы

2011

LMS жобасын енгізу, Көлік тобының базасында логистикалық 3PL провайдерін құру

2012

«БЕРЕКЕ 2004» ЖШС-те теміржол вагондарын жөндеуді игеру

2015

Көлік тобын қайта құру, алматылық «ENRC Logistics» ЖШС, «ХЭК Транссистем» ЖШС және «ТрансКом» ЖШС үш компанияның, басқаруында «ТРАНСРЕМВАГОН» және «БЕРЕКЕ 2004» кәсіпорындары бар «ТрансКом» компаниясына бірігуі

2017-2018

2600 ашық вагонын лизингке сатып алу

2019

130 думпкарды сатып алу

2020

2020 жылдың тамыз айында компания тарихында алғаш рет темір кені шикізаттың 618 мың тоннадан астам рекордтық көлемі бір ай ішінде Қытайға тасымалданды