ТрансКом басқармасындағы өзгерістер
«ТрансКом» ЖШС жалғыз қатысушысының шешімімен Ердос Темірғалиұлы Қашағанов ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы компанияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Осыған дейін кәсіпорынның басшысы лауазымын атқарған Юлдаш Рахманұлы Ибрагимов ERG құрылымында қызметін жалғастырады.
Юлдаш Ибрагимовтің Еуразиялық Топтың құрылымдарында еңбек етіп келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Осы мерзім ішінде ол ERG-дің көлік-логистика бөлімшесін құрып, нығайтумен айналысты. Осылайша, ол тек Топтың ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан инфрақұрылымының дамуына сүбелі үлес қосты.
Көлік тобындағы еңбек жолын Юлдаш Рахманұлы «ENRC Logistics» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымынан бастады. Кейін Директордың даму жөніндегі орынбасары, басқарушы директор және Бас директордың орынбасары лауазымдарында табысты жұмыс істеді. Ал 2013 жылы басқарма төрағасының инвестициялар және жөндеу қызметі жөніндегі орынбасары қызметіне кіріскен.
Юлдаш Рахманұлы Ибрагимовтың басшылығымен БЕРЕКЕ 2004 бірегей жөндеу кәсіпорны құрылды. Оның бастамасымен жөндеу нысандарында Топ локомотивтерінің барлық түрін жөндеуге мүмкіндік туды. ТРАНСРЕМВАГОН кәсіпорнында доңғалақ жұптарын жөндейтін вагон-доңғалақтар шеберханасын құру жобасы жүзеге асырылуда. Көлік тобы үшін стратегиялық маңызы бар «Қазтеміртранс» АҚ-мен ERG кәсіпорындарының жүктерді тасымалдау жоспарын 100% орындау үшін 4000 вагонды 4 жылға жалға беру туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, Юлдаш Рахманұлының арқасында 2017 жылы 2 600 жартылай вагон сатып алуға 10 жылдық лизинг шарты жасалды. 2022 жылдың наурыз айында компания қаражаты есебінен лизингтік міндеттемелер мерзімінен бұрын өтеліп, вагондар «ТрансКом» ЖШС меншігіне өтті.
Юлдаш Ибрагимов басшылық еткен жылдары мықты басқару тобы құрылды. Бүгінгі күнге дейін «ТрансКом» ЖШС басқарма төрағасының тасымалдау қызметі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Ердос Темірғалиұлы Қашағанов та сол топтың лайықты мүшесі.
Ердос Қашағанов компанияда 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын қатардағы экспорттық тасымалдауды дамыту бөлімінің диспетчері болып бастады. Осы жылдар ішінде тасымалдауды жоспарлау және логистикалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы, тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды, 2020 жылы басқарма төрағасының тасымалдау қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Теміржол вагондарының қазақстандық ең ірі операторы жеті айда 11 млн тоннаға жуық көмірді, соның ішінде экспортқа да тасуды жоспарлап отыр
2021-2022 жж. жылыту маусымында «ТрансКом» көлік тобы (ERG құрамында) Қазақстан мен Ресей аумағымен шамамен 11 млн тонна энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмір тасамылдауға дайындық үстінде. Сондықтан осы кезеңде жылжымалы құрам тапшылығын болдырмау үшін өткен айда компания 700-ге жуық вагондарын «көмір» маршруттарына ауыстырды.
Көлік қызметкерлері қыркүйек пен наурыз аралығын тасымалдың шарықтау кезеңі деп атайды. Себебі тасымал көлемі еселеп артады және жартылай вагондар жетіспеушілігі айқын сезіледі. «ТрансКом» - «Шұбаркөл көмір» АҚ көмірін өз жылжымалы құрамын да, серіктестерінің – «Қазтеміртранс» АҚ вагондарын да пайдаланып, тұтынушыларға таситын Қазақстандағы жалғыз ірі вагон операторы. Оның үстіне, Қазақстан ғана емес, Омбы өңірінің (РФ) де ірі ЖЭО-ын шикізатпен қамтамасыз етеді. Ал бұл зор жауапкершілік. Өйткені, ондағы әлеуметтік тұрақтылық, өңірлердің өркендеуі және үйлердің жылы болуы мұншалықты маңызды жүктің уақтылы жеткізілуіне байланысты.
Былтырғы жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты проблемалардың, пандемиядан қиындай түскен локомотивті тартқыштардың және вагондардың жетіспеуі себебінен жүк алушыларға 100 мың тоннаға жуық көмір жеткізілмей қалды. Биылғы жылы осындай жағдайларды болдырмау үшін басқа жүктерді тасуға компания серіктестердің вагон паркін жұмылдырмақ. Ал өз паркін пойыз ахуалына қарай, коммуналдық-тұрмыстық көмір тасу үшін босатады. Бұл қарбалас сәттерде вагон беруді жылдамырақ реттеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Көлік тобының логистикалық бөлімшелері де, вагон жөндеу бөлімшелері же көмір тиеуге арналған жылжымалы құрамды уақтылы беруге жұмылдырылған. 2021-2022 жж. Қыркүйектен пен наурыз айына дейін коммуналдық-тұрмыстық және энергетикалық көмірдің шамамен 11 млн тоннасын тасуды жоспарлар отырмыз. Бұл мәселе бейінді министрліктердің үздіксіз бақылауында. Себебі оның стратегиялық және әлеуметтік маңызы зор, - дедіі «ТрансКом» ЖШС Басқарма Төрағасы Юлдаш Ибрагимов.
«Шұбаркөл көмір» АҚ-нан жөнелтілетін көмір көлемдерін «Қызылжар» станциясының қайта өңдеу және өткізу қабілеті шектегенімен, «ТрансКом» мамандары жүк алушылармен күрделі мәселелерді пысықтай отырып, қазақстандық теміржол өкілдерімен тәулік бойы өзара әрекеттесе отырып, бір жоспарды ұстануды көздеп отыр. «Шығыс» кенішінен ERG кәсіпорындарының және ресейлік тұтынушылардың мекенжайларына көмір тиелетін «Екібастұз-3» станциясымен де жағдай осылай болып тұр. Және қазіргі жағдайда көлік қызметкерлері сондай-ақ РФ темір жолының өкілдерімен өзара әрекеттесуге дайын.
СМИ о нас: