«ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС – Қазақстан аумағында 2003 жылдан бастап жүк вагондарын жөндеу қызметтерін көрсететін ірі кәсіпорын.

Қазақстанның техникалық жағынан ең жабдықталған вагонжөндеу кәсіпорындарының бірі болып табылады. Кәсіпорында сынақтық стендтердің, станоктардың, жүк көтеру механизмдерінің, өлшеу құралдарының қажетті жабдықтар құралымдары бар. Өндіріске ұдайы вагондарды жөндеу мен жаңғыртудың, бөлшектер мен тораптардың алдыңғы қатарлы технологиялары енгізіледі.

Кәсіпорынның негізгі басымдығы – теміржол вагондарын ағымдағы жөндеудің жоғары сапасы.

ISO және OHSAS аттестатталған сапа менеджменті жүйелерінің болуы, теміржол техникасын жөндеу ережелері мен Теміржол көлігі бойынша Кеңестің ҚН нормативтерін мүлтіксіз сақтау, вагондардың ағытпай жөндеу аралық жүрісінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын Қостанай облысы Рудный қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Депоның меншігінде Железорудная станциясына жанасатын кірме теміржолдар бар.

 

Қызметтер:

Ағымдағы ағытуды жөндеу
Деполық жөндеу
Күрделі жөндеу
Пайдалы қызмет мерзімін (ПҚМ) ұзарта отырып, күрделі жөндеу
Вагон бөлшектерін жөндеу, вагондардың дөңгелектерін жөндеу және қалпына келтіру
Жылжымалы құрамның пайдалану және техникалық күтіп ұстаумен байланысты басқа да мәселелерінің шешімін табу