
Біз туралы (5)
Кәсіпорындары, кеңселері мен қызметкерлері төрт құрлықтың түрлі елінде орналасқан ERG-ден халықаралық компания ретінде аса жоғары іскерлік, операциялық және этикалық стандарттарды сақтау бейілділігі күтіледі. Бұл біздің кәсіпорындарымыз жұмыс істеп тұрған барлық елдің заңнамасын сақтауды көздейді. Біз өз стейкхолдерлеріміздің алдында өзіміздің іс-әрекеттеріміз үшін жауаптымыз және өз қызметімізді ERG-дің этикалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асыруға ұмтыламыз.
Біздің негізге алынатын міндеттеріміздің бірі іскерлік этика мен кәсіпқойлықтың аса жоғары стандарттарын сақтау болып табылады. Бұл стандарттар ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексінде көрсетілген және біз атқаратын жұмысымыздың негізі болып табылады. Корпоративтік тәртіп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, адам құқықтарын сақтауды, теңдікті, мүдделер қақтығысын басқаруды, құпия ақпарат пен дербес деректерді қорғауды қоса алғанда, негізгі құқықтық, моральдық және этикалық мәселелер жөніндегі біздің стандарттарымыз бен саясаттарымызды белгілейді және Менеджерлер кеңесінің, кез келген лауазымдағы барлық ERG қызметкерлерінің, сондай-ақ әлемнің әр түкпіріндегі ERG контрагенттерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.
Компания, сондай-ақ ERG жеткізушілерінің Компаниямыздың этикалық бизнес жүргізу қағидаттарын, оның ішінде жеткізілім тізбегін жауапты басқаруды сақтауы туралы біздің талаптарымыз көрсетілген ERG жеткізушілерінің тәртіп кодексін қабылдады.
Сілтемелер:
ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексі – RUS | KAZ | ENG
ERG жеткізушілерінің тәртіп кодексі – RUS | KAZ | ENG
ERG барлық қызметкерлерге өз басшысына, заң қызметіне, комплаенс қызметіне немесе ERG Жедел желісіне жүгіну арқылы өздеріне қарсы шаралар қабылданудан қорықпай, еркін сұрақтар қоюға және мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін ашық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.
Сондай-ақ, біздің іскерлік серіктестеріміз де ERG Жедел желісіне жүгіне отырып, ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексін бұзудың ықтимал қаупі туралы хабарлай алады.
ERG Қауырт желісі тәуелсіз оператор қызмет көрсететін және аптасына жеті күн тәулік бойы жұмыс істейтін толық құпия байланыс арнасы болып табылады.
ERG Жедел желісіне бұзушылық туралы:
- Жедел желі сайтында (erg.integrityline.org )
- Жедел желі телефоны бойынша (нөмірлер тізімі erg.integrityline.org сайтында көрсетілген) хабарлауға болады.
Біздің әрқайсымыздың және іскер серіктестеріміздің ERG-дің этикалық қағидаттарын сақтауымыз стейкхолдерлер тарапынан біздің Компанияға деген сенімді нығайтады және оның орнықты дамуына ықпал етеді.
Бөліммен толығырақ https://eurasianresources.lu/en/pages/group-compliance сілтемесі бойынша танысуға болады.
«ТрансКом» көлік тобы өзінің ішкі процестерін жетілдіруді және қызмет көрсету сапасын арттыруға ұдайы айрықша көңіл бөліп келеді. Осы жұмысқа компанияның барлық персоналы жұмылдырылған. Клиентке бағдарланғандық, клиенттердің сұранысын орындау сапасын арттыру және қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру арқылы ұзақ және мықты байланыстар орнатуға ұмтылу, компания үшін маңызды.
- 2003 жылы компанияның Сапа Менеджменті Жүйесі (СМЖ) ИСО 9001:2000 Басқару сапасының халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған.
- 2017 жылы «ТрансКом» компаниясының СМЖ-і ИСО 9001:2015 стандартының жаңа нұсқасына сәйкес сертификатталған
Сапа Менеджменті Жүйесінің сәтті жұмыс жасауы, сертификаттаушы органның жыл сайынғы сыртқы инспекциялық аудиттарымен расталады.
Сертификаттың бар болуы, клиенттер мен қатар компанияның серіктестері үшін сапаны үнемі жақсартуға және қызығушылық танытқан барлық тараптардың болжамы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға көзделген сенімділік пен тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
- 14 676 ашық вагондар
- 372 шекемтастасығыштар
- 487 цементтасығыштар
- 203 думпкарлар
- 1841 контейнерлер
- 683 т/ж платформалары
«Транссистем» «ХЭК» ЖШС-ның құрылу сәтінен бастап, 1990 жылы Көлік тобының жұмысы бастау алды. Бұл халықаралық көлік-экспедиторлық компания болды. Біртіндеп теміржол станцияларымен қарым-қатынас құрыла бастады. 1997 жылы Қазақстан аумағында экспорттық-импорттық тариф пен транзитті төлеу жұмысының басталуына септігін тигізген, «Транссистем»-нің Қазақ темір жолында өзінің экспедиторлық кодын алуы, ауқымды жұмыс нәтижесі болды. Ары қарай клиенттермен келісімшарттар жасалып және компания біртіндеп ТМД-ның экспедиторлық нарығына ене бастады. Осыдан соң операторлық бизнесті дамытуға қажеттілік туындаған соң, «ТрансКом» ЖШС меншікті жылжымалы құрамымен вагондардың операторы құрылды. Ал 2015 жылы компаниялар, бүгінге дейін вагондар мен локомотивтер тиянақты жөнделетін, жүктер табысты тасымалданатын және жөнелтілетін «ТрансКом» Көлік тобының жеке бренді туы астына бірікті.
«ХЭК Транссистем» ЖШС-ның ғылыми-енгізу кәсіпорнының құрылуы, IT, бизнес-жоспарлау, жекешелендіру саласында консалтингілік қызметтер көрсету
Көлік-экспедиторлық қызметтің басталуы, Қазақстанға а/ш техникаларын жеткізу қамындағы ірі жобаны іске асыру, «Қазақтелеком», «Узхимпром», Coca-Cola компанияларына көлік-экспедиторлық қызмет көрсету
«Экспедитор» IT-жүйесін енгізу
«ТрансҚазақстан», «ТрансРесей» көрмелеріне, FIATA конгрессіне қатысу басталды
ERG кәсіпорнына көлік-экспедиторлық қызмет көрсету
Достық ст. №6 терминалын иелену және жаңғырту
«ТрансКом» еншілес компаниясының құрылуы
Жылжымалы теміржол құрамының меншікті паркінің қалыптасуы
Бірінші ашық вагондарды сатып алу
Меншікті жылжымалы құрамда жүк тасымалдау
«РемВагон» ААҚ филиалының темір кені вагонжөндеу депосы өндірістік кешенінің базасында
«ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС-ның құрылуы
Екібастұз локомотив жөндеу депосының базасында «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС-ның құрылуы
Контейнерлер мен платформалар меншікті паркінің қалыптасуы, ферроқорытпалар мен алюминийді тасымалдауды контейнерлеу
ENRC Logistics Көлік тобының құрылуы
Рига, Ляньюнгань, Новороссийск порттарымен бірлескен жұмыстың басталуы
LMS жобасын енгізу, Көлік тобының базасында логистикалық 3PL провайдерін құру
«БЕРЕКЕ 2004» ЖШС-те теміржол вагондарын жөндеуді игеру
Көлік тобын қайта құру, алматылық «ENRC Logistics» ЖШС, «ХЭК Транссистем» ЖШС және «ТрансКом» ЖШС үш компанияның, басқаруында «ТРАНСРЕМВАГОН» және «БЕРЕКЕ 2004» кәсіпорындары бар «ТрансКом» компаниясына бірігуі
2600 ашық вагонын лизингке сатып алу
130 думпкарды сатып алу
2020 жылдың тамыз айында компания тарихында алғаш рет темір кені шикізаттың 618 мың тоннадан астам рекордтық көлемі бір ай ішінде Қытайға тасымалданды
Біз кімбіз
«ТрансКом» ЖШС логистикалық 3PL-провайдері мәртебесіне ие және Eurasian Recourse Group (ERG) құрамында. Компания көлік-экспедициялық қызметтердің алуан түрін ұсынады. Меншікті жылжымалы теміржол құрамының паркі бар және 55 миллион тоннаға жуық әр түрлі жүктерді тасымалдайды.
«ТрансКом» компаниясы 1991 жылы құрылды және бүгінгі күнге Қазақстандағы жүк вагондарының ірі операторы. Кәсіпорын паркі ашық вагондар, шекемтастасығыштар, цементтасығыштар, думпкарлар, контейнерлер және теміржол платформаларынан тұрады. Қызметтің негізгі бағыты ERG кәсіпорындарының жүктерін, сондай-ақ, меншікті жылжымалы құрамда басқа да клиенттердің жүгін тасымалдау болып табылады.
Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Рудный және Ақтөбе қалаларында аймақтық өкілдер бар. «ТрансКом» ұжымы, теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру саласында ұзақ жылғы тәжірибесі бар кәсіби теміржолшылардан құралған.
Компанияның меншікті вагон паркін басқару бойынша қалыптасқан технологиясы бар. Вагон жөндеу кәсіпорындары мен «РТЖ» ААҚ вагон пайдалану деполарымен өзара әріптестік схемалары әзірленген. Өндірістік процестер диспетчерлік тұрғыда тиімді басқарылып, ақпараттық қамтылған.
«ТрансКом» ЖШС, құрамына «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС және «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС екі вагонжөндеу кәсіпорындары кіретін Көлік тобының басқару компаниясы болып табылады.
Біздің ұтымды тұстарымыз
- Жылжымалы құрамының меншікті паркі
- Тиімді локацияда вагон жөндеу кәсіпорындары бар
- Тасымалдаудың географиясы ауқымды (ТМД, Қытай, ОША және Еуропа)
- ПКәсіби білікті ұжым
- Жүктердің сақталуын қамтамасыз ету
- Сапа (ISO 9001:2015 сапа менеджментінің жүйесі, ҚР СТ 1294-2004)
- Тәулік бойы диспетчерлік басқару
Қызметтер
- Теміржол жөнелтілімі
- Теміржол жұмысы
- Вагондар мен локомотивтерді жөндеу