Біз кімбіз

 

«ТрансКом» ЖШС логистикалық 3PL-провайдері мәртебесіне ие және Eurasian Recourse Group (ERG) құрамында. Компания көлік-экспедициялық қызметтердің алуан түрін ұсынады. Меншікті жылжымалы теміржол құрамының паркі бар және 55 миллион тоннаға жуық әр түрлі жүктерді тасымалдайды.

«ТрансКом» компаниясы 1991 жылы құрылды және бүгінгі күнге Қазақстандағы жүк вагондарының ірі операторы. Кәсіпорын паркі ашық вагондар, шекемтастасығыштар, цементтасығыштар, думпкарлар, контейнерлер және теміржол платформаларынан тұрады. Қызметтің негізгі бағыты ERG кәсіпорындарының жүктерін, сондай-ақ, меншікті жылжымалы құрамда басқа да клиенттердің жүгін тасымалдау болып табылады.

Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Рудный және Ақтөбе қалаларында аймақтық өкілдер бар. «ТрансКом» ұжымы, теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру саласында ұзақ жылғы тәжірибесі бар кәсіби теміржолшылардан құралған.

Компанияның меншікті вагон паркін басқару бойынша қалыптасқан технологиясы бар. Вагон жөндеу кәсіпорындары мен «РТЖ» ААҚ вагон пайдалану деполарымен өзара әріптестік схемалары әзірленген. Өндірістік процестер диспетчерлік тұрғыда тиімді басқарылып, ақпараттық қамтылған.  

«ТрансКом» ЖШС, құрамына «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС және «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС екі вагонжөндеу кәсіпорындары кіретін Көлік тобының басқару компаниясы болып табылады.

 

 

Біздің ұтымды тұстарымыз

 

  • Жылжымалы құрамының меншікті паркі
  • Тиімді локацияда вагон жөндеу кәсіпорындары бар
  • Тасымалдаудың географиясы ауқымды (ТМД, Қытай, ОША және Еуропа)
  • ПКәсіби білікті ұжым
  • Жүктердің сақталуын қамтамасыз ету
  • Сапа (ISO 9001:2015 сапа менеджментінің жүйесі, ҚР СТ 1294-2004)
  • Тәулік бойы диспетчерлік басқару

 

Қызметтер

 

  • Теміржол жөнелтілімі
  • Теміржол жұмысы
  • Вагондар мен локомотивтерді жөндеу