«ТрансКом» - Көлік тобы, қазақстандық жетекші логистика операторы.

Біз көлік-экспедициялық қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз, бізде меншікті жылжымалы теміржол құрамының паркі бар.

 

Топтың құрамына екі вагонжөндеу кәсіпорны кіреді:

 

  • «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС – Қазақстан аумағында 2003 жылдан бастап жүк вагондарын жөндеу қызметтерін көрсететін ірі кәсіпорын.  

Қазақстанның техникалық жағынан ең жабдықталған вагонжөндеу кәсіпорындарының бірі  болып табылады.  Кәсіпорында сынақтық стендтердің, станоктардың, жүк көтеру механизмдерінің, өлшеу құралдарының қажетті жабдықтар құралымдары бар.  Өндіріске ұдайы вагондарды жөндеу мен жаңғыртудың,  бөлшектер мен тораптардың алдыңғы қатарлы технологиялары енгізіледі.

Кәсіпорынның негізгі басымдығы – теміржол вагондарын ағымдағы жөндеудің жоғары сапасы. 

ISO және OHSAS аттестатталған сапа менеджменті жүйелерінің болуы, теміржол техникасын жөндеу ережелері мен Теміржол көлігі бойынша Кеңестің ҚН нормативтерін мүлтіксіз сақтау, вагондардың ағытпай жөндеу аралық жүрісінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Кәсіпорын Қостанай облысы Рудный қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Депоның  меншігінде Железорудная станциясына жанасатын кірме теміржолдар бар.

 

Қызметтер:

Ағымдағы  ағытуды жөндеу

Деполық жөндеу

Күрделі жөндеу

Пайдалы қызмет мерзімін (ПҚМ) ұзарта отырып, күрделі жөндеу

Вагон бөлшектерін жөндеу, вагондардың дөңгелектерін жөндеу және қалпына келтіру

Жылжымалы құрамның пайдалану және техникалық күтіп ұстаумен байланысты басқа да мәселелерінің шешімін табу

 

  • «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС теміржол вагондары мен маневр локомотивтерін жөндеу қызметтерін көрсетеді.

 Компанияның негізгі бәсекелестік басымдығы:

Вагондар мен локомотивтердің  қатынау аймақтарына тиімді түрде дәл жанында орналасуы,  техниканы жөндеуге жеткізудің құнын төмендетуге мүмкіндік береді;

Сынақ, жүккөтергіш,  өлшеуші механизмдермен және  технологиялық жабдықтармен жұмыстар өткізу үшін қажетті өндірістік базаның жоғары техникалық жарақтануы;

Кәсіпорын мамандары мен ИТҚ, топ-менеджменттің көпжылғы тәжірибесі мен жоғары құзыреттілігі;

ISO 9001:2000 и OHSAS 18001:2007 басқару сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес  сертификаттары бар;

Барлық көрсетілетін қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия бар.

 

Қызметтер:

ТҚК-7, ТҚК-8 көлеміндегі ТЭМ сериясындағы тепловоздарға техникалық қызмет көрсету  

ТЭМ сериясындағы маневрлік тепловоздарды күрделі жөндеу

Жылжымалы құрамның бөлшектері, тораптары, қосалқы бөлшектерін дайындау және жөндеу, қалпына келтіру

Өлшеуіш құралдарын жөндеу және тексеру

Ені 1520 мм цементттасығыштар, платформалар, ашық вагондарды деполық және күрделі  жөндеу